Windows ты негізгі нысаналары мен оны бас ару жолдары

Windows ты? негізгі нысаналары мен оны? бас? ару жолдары

Құрметті қолданушы, Назар аударыңыз:

Сізге «Зияткерлік олимпиадаға» доступ берілді. Қазір тапсырыс беріп үлгеріңіз. Себебі, небәрі 12 күннен соң олимпиада аяқталады.

WINDOWS-тың негізгі нысаналары мен оның басқару жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік

Информатика пәнінен практикалық жұмысқа арналған

Тұнғат Гаухар Мұратқызы

10 Сәуір 2019

Материалдың толық нұсқасы

3 Практикалық жұмыс

WINDOWS-тың негізгі нысаналары мен оның басқару жолдары.

Windows операциондық жүйесі компьютерді қосқан соң жүктеледі. Windows жүктелген соң экранда «Жұмыс столы» пайда болады

Windows ортасында жұмыс столының ролін экран дисплейі орындайды. Онда Windows нысандары мен басқару элементтері көрсетіледі (белгілер, батырмалар, ярлыктар және басқалары). Есептер панелі де жұмыс столының бөлігі болып табылады.

Белгілер – бұл Windows нысандарының графикалық көрінісі. Белгі бір программаға немесе құжатқа сәйкес келеді. Windows-та орнатылған әрбір программаның өзінің жеке белгісі болады. Белгі тек файлдарды ғана емес, папканы да белгілей алады.тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту папканың терезе ретінде ашылуына әкеледі. Программа белгісіне шерту программаны жүктеу командасын білдіреді. Кез келген белгінің атын өзгертуге, орнын ауыстыруға, көшіруге не жоюға болады, бірақ белгілерге орындалатын барлық операциялар сол белгілер сәйкес келетін программалар мен құжаттарға да орындалатынын есте сақтау керек! Белгінің жұмыс столынан алынып тасталуы файлдың дискіден алынып тасталуына әкеледі, яғни файл жойылады.

Windows-ң орнатылған кезі

Windows жүйесінің жұмысының аяқталуы.

Windows жүйесінен шығу үшін келесі әрекеттер орындау керек: курсорды Пуск батырмасын апарып, оған шертіп, менюден «Завершение работы» командасын таңдау керек. Осыдан соң «Завершение работы с Windows» диалогтық терезесі ашылады. «Завершение работы с Windows» диалогтық терезесін басқа да жолмен шақыртуға болады. Ол үшін Alt+F4 пернелер комбинациясын басқан жеткілікті. Alt+F4 пернелер комбинациясы Windows-тағы кез келген терезенің, программаның жабылуына әкеледі.

Жұмыс столында кездесетін негізгі белгілер:

Мой компьютер – жүйелік папка, компьютердің барлық құрылғыларына сәйкес келетін визуалды объектілері бар;

Сетевое окружение – жүйелік папка, компьютер желіге қосылған жағдайда желілік ресурстарға тез қатынауды қамтамасыз етеді. Бұл желілік ресурстарға желінің барлық комьютерлеріне ортақ дискілер мен принтерлер жатады;

Корзина – жойылған оюъектілерді уақытша сақтайтын жүйелік папка, оларды қажет болған жағдайда қайта қалпына келтіруге немесе мүлдем жойып тастауға болады.

Ярлык қандай да бір басқа жерде сақталған нысанған нұсқағыш болып табылады. Ярлыкты екі рет шерткен кезде Windows осы ярлыкпен байланысты нысанды тауып, оны ашу үшін байланыс файлында сақталған ақпаратты қолданады.ярлыктарды компьютердің барлық дерлік нысандарына құруға болады. Ярлыктарды белгілерден сол жақ төменгі бұрышындағы стрелка арқылы ажыратуға болады.

Есептер панелі қосымшалара жылдам қатынауға және ашық қосымшалар арасында ауысып тұруға мүмкіндік береді. Есептер панеліндегі Пуск батырмасы жүйенің Басты Менюін белсенді етуге арналған, ол программалардың жүктелуін, файлдарды іздеуді, анықтамаға қатынауды, жүйелік параметрлерді орнатуды және басқа функцияларды қамтамасыз етеді.

Терезенің келесі элементтері бар:

Тақырып жолы, бұл жерде осы терезенің аты көрсетіледі. Осы жол арқылы тышқанның көмегімен терезені Жұмыс тсолының бойымен жылжытуға болады. Тақырыптың сол жағында Жүйелік меню батырмасы, оң жағында терезе көрінісін өзгертуге арналған батырмалар болады. ( — орау, — жазу, — жабу).

Windows7- негізгі нысаналары мен оның басқару жолдары

Windows7- нің негізгі нысаналары мен оның басқару жолдары.

Windows ХР операциялық жүйесі

Қазіргі кезде Windows – барлық дербес компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе.

Windows бірнеше операциялық жүйелерді біріктіреді, олар бір – біріне ұқсас болғанымен, әр түрлі мүмкіндіктері бар және әр түрлі мақсаттарға арналған.

Әйгілі Windows операциялық жүйесінің жаңа нұсқасының атауындағы ХР әріптері eXPerience деген ағылшын сөзінің бөлігі болып табылады, ол «өмір тәжірибесі», «білім» дегенді білдіреді.

Жұмыс істеудің бастамасы

Компьютердің жүйелік блогының алдыңғы бетінде орналасқан Power деп аталатын қосу/өшіру батырмасын басып, оны іске қосыңдар. Сонда компьютердің процессоры тұрақты жадтайтын құрылғыда жазылған программалармен қатынасады. Бұл программалар компьютердің негізгі құрылғыларының жұмыс істеу қабілетін тексере бастайды.. содан кейін басқаруды қатқыл дискідегі операциялық жүйеге береді.

Операциялық жүйе біраз уақыт жүктеледі де, экранда Windows-тің жұмыс үстелінің бейнесі пайда болады.

Windows ХР-ден қалай шығу, яғни оның жұмысын қалай аяқтау керек екеніне тоқтала кетейік. Экрандағы тышқанның нұсқағышының көмегімен экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан «Пуск» батырмасына апарып шерту. Сонда Экранда «Выключить компьютер» тақтасы шығады.

Жүйе жұмысын әдеттегідей аяқтау үшін Выключение батырмасын басу керек.

Егер сендер Windows ХР-ді компьютерді өшірмей іске қосқыларың келсе, Перезагрузка батырмасын басу.

Ждущий режим батырмасын басқанда компьютерді өшірудің ерекше режимі таңдалады. Барлық ағымдағы ақпарат компьютердің жадынан қатқыл дискіге жазылады да, компьюте өшеді.

Windows ХР – графикалық операциялық жүйе, оның негізгі объектілері терезе мен белгішелер негізінде түрінде бейнеленеді.

WINDOWS 7-НІҢ ҚҰПИЯЛАРЫ

1. Программаларды бірден есептер тақтасы арқылы іске қосу: Win+1,2,3,4…

Көптеген қолданушылар неғұрлым жиі пайдаланылатын жарлықтарды есептер тақтасына орналастырып қояды. Міне осы жарлықтарды Win+жарлықтың реттік нөмірін басу арқылы да іске қосуға болады.

2. Жұмыс үстелін қарағыңыз келсе

Сіз экранның оң жағындағы төменгі бұрыштан кіші тікбұрышты көрген шығарсыз. Ол «Aero Peek» деп аталатын қызмет атқарады. Оны шерткенде барлық ашық терезелер жиырылады(ол әрекетті Win+D арқылы да орындауға болады). Ал осы тікбұрыштың үстіне маус меңзерін апарып сәл ұстасаңыз, барлық терезелер мөлдір түрге еніп, жұмыс үстелінде не бар екенін қарай аласыз.

Читайте также:  Драйвера nvidia geforce 9800 gtx для windows 10

3. Терезелерді 3D-ға ауыстыру

Бұрынғы Windows Vista-ның есептер тақтасында терезелерді WinFlip 3D режиміне ауыстыратын батырма болатын. Осы мүмкіндік Windows 7-де сақталған, ол Win+Tab пернелерінің көмегімен іске қосылады.

4. Программа терезелерін ыңғайлы етіп басқару

Windows 7-де программа терезелерін басқару бұрынғы нұсқаларындағыдан әлдеқайда жеңіл етіп жасалған. Мұнда терезелерді оның төменгі шекарасынан екі шерту арқылы экранның кезкелген жанына бекітуге, қажетті шетіне жылжытуға, жиырып, қайта жаймалауға болатын еді. Енді осы әрекеттерді мына пернелерді бірге басу арқылы жеңілдетуге болады:

Win + → және Win + ← — терезелерді бекіту

Win + ↑ және Win + ↓ — терезелерді жаймалау, қалпына келтіру және жиыру

Win + Shift + жоғары және Win + Shift + төмен — терезелерді тігінен жаймалайды және қалпына келтіреді.

5. Екінші терезе ашу

Кейбір пайдаланушыларды Windows 7-де ашық тұрған программаның екінші терезесін ашу тығырыққа тіреп жүр. Есептер тақтасындағы жарлықты шерту программаны тек жиырады не жаймалайды, сол үшін қолданушы жарлықты «Пуск»-ден іздей бастайды. Енді былай етсеңіз: SHIFT-ті басып тұрып, есептер тақтасындағы жарлықты шертсеңіз болды – бұрын іске қосылған программаның екінші көшірмесі ашылады. Осы әрекетті сол жарлықты маустың ортаңғы батырмасын шерту арқылы (дөңгелекті басу) орындауға да болады.

Win 7-де проекторларға драйверлер орнатып, кескіндерді баптап , қиналып жатпау жағы қарастырылған. Кескіндер режимі Win + P пернелерінің көмегімен ауыстырылады. Мынадай қол жетімді режимдер бар: тек ғана компьютер, мониторға қосарлану, мониторды кеңейту, тек ғана проектор.

7. Программаларды жылдам шақыру

Бұл функция қандай да бір программаны қайта-қайта қосуды жеңілдету үшін қолданылады. Ол үшін кезкелген жарлықты іске қосуға пернелерді баптау қажет. Ол былай жасалады: алдымен қажет программаның жарлығын құрамыз, сосын оны маустың оң батырмасымен шертіп, оның Свойства — на кіріп, Ярлык астарына ауысамыз, сондағы «Быстрый вызов» пунктінде осы жарлықты іске қосқымыз келетін пернелер комбинациясын басамыз.

Мұндай функция Windows-тың бұрынғы нұсқаларында да бар екендігі есіңізде болсын!

8. Әкімші атынан тез қосу тәсілі

Қандай да бір қосымшаны баптап жатпай-ақ, бірден есептер тақтасы арқылы іске қосуға болады: ол үшін CTRL + SHIFT –ті басып тұрып, қажет қосымшаны шертсеңіз, ол енді әкімші/администратор атынан іске қосылады.

9. Ені үлкен экрандар үшін қажетті кеңес

Windows-тың бұрынғы нұсқаларында бұл функция барынша нашар атқарылатын. Windows 7-де бұл өте жақсы «құйып қойғандай» орындалып тұр. Бұл әсіресе нетбук пен ноутбуктарда жұмыс кеңістігін кеңейту үшін өте қажет. Сонымен есептер тақтасын экранның өзіміз қалаған жанына орналастыру мүмкіндігі бар: ол үшін тақтаның бос жерінен маустың меңзерімен басып тұрып, оны экранның оң жақ не сол жақ шетіне орналастырып, жұмыс орнымызды кеңейтеміз (есеп тақтасы бекітілмеген болуы тиіс).

10. Әрекеттер диспетчерін шақыру / Диспетчер задач

Қолданушылар көп жағдайда Әрекеттер диспетчерін бұрынғыша: Ctrl+Alt+Del арқылы шақырады. Одан соң кіші мәзірден тағы тиісті пунктті таңдауы қажет болатын.

Енді Windows 7-де диспетчерді CTRL+SHIFT+ESC пернелерін басып бірден ашасыз.

Windows 7-нің негізгі нысаналары мен оның басқару жолдары. Windows 7-нің файлдар мен бумалары. Файлдық құрылым амалдары.

ШЖҚ «Талдықорған медицина колледжі» МКК

ГКП на ПХВ «Талдыкорганский медицинский колледж»

Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы

Методическая разработка теоретического занятия

Рев. 01 Ревизияның басталу мерзімі ___10.04.2015____

01 .Рев. Дата ввода ревизии __10.04.2015______

Страница 1 из 7

Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы

Тақырыбы: Windows 7-нің негізгі нысаналары мен оның басқару жолдары. Windows 7-нің файлдар мен бумалары. Файлдық құрылым амалдары.

Мамандық: . Мейірбике ісі

ЦӘК төрайымы ______

Әдістемелік нұсқа жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған: Калкеева Б.Н.

Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы

Тақырыбы Windows 7-нің негізгі нысаналары мен оның басқару жолдары. Windows 7-нің файлдар мен бумалары. Файлдық құрылым амалдары.

а) білімділік: Windows – тің негізгі нысаналары мен оның басқару жолдары Windows – тың файлдары мен бумалары.

ә) дамытушылық: студенттердың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

б) тәрбиелік: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру, ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

Сабақтың уақыты: 90 минут

Сабақты өткізу орны: Компьютер кабинеті

Пәнішілік байланыс: дербес компьютер

Пәнаралық байланыс: физика, қоршаған орта

Сабақтың жабдықталуы: Компьютер, проектор

Г.Ә .Жапарова «Информатика негіздері»

Оқушы білуі тиіс:

Жүйенің негізгі функциялары.

Windows жүйесінің негізгі түсініктері: терезе, жұмыс столы, шарт белгілер, жарлықтар, бумалар, тышқан тәрізді графикалық сілтеме.

Windows жүйесімен жұмысты аяқтау.

Басқарудың негізгі нысаналары мен амалдары. Т

ерезелер. Файлдар мен бумалар.

Файлдық құрылыммен жасалатын амалдар.

Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы

І Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 20 мин

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 40 мин

ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 15 мин

Ү Қорытындылау – 5 мин

ҮІ Үйге тапсырма –5 мин

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Студенттерді түгендеу. Сырт киімдерін киіуін қадағалау (Халат, калпк киіуін). Сабаққа дайындығы тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты мен таныстыру.Компьютердің қауіпсіздік ережелерін сақталуын қадағалап, оқушыларды компьютерге отырғызу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру/ Ассосация кескінін толтыру/

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздерінің басталу уақыты 1981 жылы MS(PC)-DOS операциялық жүйесі IBM дербес компьютерлермен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын. MS-DOS операциялық жүйесі тек бір адамның жұмыс істеуіне арналған болатын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатын еді.

Читайте также:  Kali linux x32 x64

Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланатын негізгі интерфэйс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарды. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден астам командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және жұмыс істеуге өз септігін тигізді.

Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows ортасының негізгі ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйесі, файлдық жүйесі, енгізу-шығару құрылғыларымен жұмыс істейтін драйверлері, т.б. жүйелері бар.

Ол жұмыс кезінде мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;

файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

қолданбалы программаларды іске қосу.

бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуын;

масштабталатын шрифтерді сүймелдеуді;

біріңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады

терезе — экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы. Онда әр түрлі программалар орындалады. Кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Терезе шекаралары- бұл терезенің периметр бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Қолданбалы программа терезесі-бұл терезеде негізгі қолданбалы программалар жұмысы атқарылады. Ол экранның бөлігін немесе оны толық алып тұра алады. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген қолданбалы программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады, бірақ олардың негізгі элементтері бірдей болып жасалған. Егер терезені жбатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаың жұмысы да аяқталады.

Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде) айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симай сыртта орналасқан информацияның бар екенін көрсетеді.

Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады

толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;

қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;

белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.

Енді Windows ортасының DOS технологиясында кездеспейтін кейбір технологиялық принциптерін атап өткен жөн болар.

Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс. MS – DOS операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік интерфейсі болған еді, олар: меню жүйесі (көлденең, сырғып түсетін, қалқып шығатын, иерархиялық), сұхбаттасу тәсілдері (мәліметтер енгізу, варианттарды таңдау) және т.б.

Мұндай тәсіл жаңа программаларға көшкен сайын әрбір адамға қайтадан оқып-үйрену қажеттілігін туғызатын. Бірақ көптеген ірі фирмалардың программалық өнімдернің бәрінде де тұрақты пайдаланылатын тұрақты пайдаланылатын тұрақтыарасында алшақтық жетіп артылатын. Ал Windows жүйесінде көптеген іс-әрекеттер программалардың әр түрлілігіне қарамастан біртектес командалар арқылы орындалып, бірдей терезелер көмегімен өңделетін болып, ортақ технология іске асқанын практика жүзінде көрсете білді. Бұл принцип бойынша графикалық технологиядағы көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесі экран элементіне апарып, оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті.

Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады

программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту, үлкейту және бұрынғы қалпына келтіру;

көлденең орналасқан меню командаларын таңдау;

экранға шығатын меню командаларын таңдау;

аспаптар тақтасы командаларын таңдау;

мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу;

командалық батырманы басу, таңдау;

ауыстырып қосқыштың мәнін өзгерту;

мәтіндік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасу өзгерту;

мәтін енгізілетін өріс жолдарының бірін таңдап, оған мәлімет енгізу және көптеген басқа әрекеттер.

Программалар терезесінде құжатпен жұмыс істеу барысында бізге үнемі мәтін фрагменттерімен, үзінділермен (текстің белгілі бір бөлігімен, суретпен, кестелермен) әртүрлі операциялар орындауға тура келеді. Ол операциялар мынадай іс-әрекеттерден тұрады: — фрагментті көшіру, тасмалдау жою, олардың шрифтерін мөлшерін өзгерту, жиектеу, кейбір жерлеріне көлеңке түсіріп қараңғылау т.б. Мұндай операциялар екіге бөлініп орындалады. Ең алдымен біз фрагментті белгілеп алуымыз керек. Оның түріне немесе программа талабына сай фрагментті әр түрлі тәсілдермен белгілейді. Мысалы, мәтін бөлігін (символды, сөзді, жолды, абзацты, т.б.) тышқанның көмегімен немесе арнайы перне және бағыттаушы тілсызық символдар арқылы белгілеп алуға болады. Графиктік түрдегі фрагменттің белгілеуде, әдетте қайшымен қиюды қолднанады.

Егер белгілеу барысында қандайда бір қате жіберілсе, онда фрагментті тыс жерде (ал кейде фрагменттің өзінде де) тышқанды жай шерту жеткілікті – мұның нәтижесінде белгілеу әрекеті алынып тасталынады, яғни орындалмайды.

Жұмыс істеуді жаңадан үйреніп жүргендер ешбір обьектіні белгілеместен команда орындауға тырысады. Мұндай істің нәтижесі қандай болмақ?

кейде бұл команда орындаусыз қалады (мысалы буферге жоқ фрагментті алуға болмайды);

кейде команда ескерілмей еленбей де қалады (мысалы шрифті өзгертуде);

кейде команда үнсіз келісім бойынша орындалыпта кетеді.

Сондықтан осындай қателерден аулақ болу үшін фрагментті алдын ала белгілеп алуды ешқашанда естен шығармау керек?

Мысалы егер де суреттің бір бөлігі қайшымен қиылып белгіленген болса, ондатышқан курсорын сол сурет бөлігіне жеткізіп, сол немесе оң жақ батырмасын баспы тұрып, жңа орынға бекітеді. Егер оны ауыстыру барысында пернесін басып тұратын болсақ онда жаңа орынға сол сурет фрагментінің көшірмесі орналасады. Осындай жолмен үнемі көшіру мен орнын ауыстыру амалдарын қатар қолдануға тура келеді. Мыс көп элементтерұқсас болып келеді күрделі схеманың суретін салу үшін оның бір элементін сызып алып (айталық тіктөртбұрыш) сонан соң режимінде оның санын көбейте отырып, көшірмесін алуға болады. Ақырында осы әдіспен тасмалдау режимінде экрандағы элементтердің шеттерін тегістеп түзетуге болады.

Читайте также:  Фоны для windows 2012

Үлкейтілмеген терезелер мен шартбелгілердің орнын ауыстыру Көп жағдайларда тышқанның сол жақ батырмасымен бірге CtrI пернесін бассақ, онда программалық элементтерді бір топтан екінші топқа көшіруге болады; графикалық редактордың жұмыс аумағындағы суреттің белгіленген фрагменттің жаңа орынға ауыстыру немесе оның көшірмесін алу.

Әдетте, мұндай фрагмент ролін көбіне басқа графиктік файлдан мәтіндік құжатқа қойылуға тиіс бейне суреттер атқарады;

Word редакторында мәтіндік информацияның белгіленген фрагментті басқа жерге ауыстыру немесе оның көшірмесін алу;

Суреттер мен кестелердің орнын ауыстыру және көшірмелерін алу;

Мәтін беттеріндегі абзацтың жаңа жолын және оның оң жақ, сол жақ шекараларын көлденең сызғыштың жоғарғы және төменгі кішкене үшбұрыштың тасмалдау арқылы тағайындау;

Дайын шартбелгілер жиынынан әрбір адам өзі қолданатын құрал-саймандар тақтасын құрастыру.

Қазіргі жүйелерде әдісін программалаушылар да жиі пайдаланыладыолар әртүрлі обьектілер жиынынан өздерінің программаларын балалар кубиктерінен суретбейнелер жинаған тәрізді құрастырады. Экранда мәтіндік құжатты баспаға дайындау кезінде символдар бейнесін басылып шыққан қағаз бетіндегі символдармен бірдей болады. Бірақ мұнда көңіл аударарлық сәттер де жоқ емес. Windows жүйесі символдардың экранда бейнеленген олардың шеттерін нықтап анық етіп көрсетеді, ал қағазда таңбалар бейнесі дәл экрандағыдай болмай қалуы да мүмкін.Бұларды бірдей етіп көрсету үшін арнаулы операциялар қолданылады, олар туралы мәтін редакторларын оқу кезінде айтылады.

Файл дегеніміз не? Файл — аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін. Windows — та бағдарламалардың басқа атауы – қолданба да қолданылады.
Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 — 255 символға дейін болады.
Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:
*. bmp Paint
*. doc Word WordPad
*. txt Блокнот қолданбасының құжаты
*. wav Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.
*. avi Бейне — клип
*. xls Excel кестелік процессорының құжаты
*. ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері
Бума — бұл аты аталған файлдар тобы. Windows 98 — дің бумалары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы кәдімгі ішіне қағаз беттерін — файлдарды салатын бумалармен салыстыруға болады. Windows 98 — дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады. Бумалардың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.
Буманың пиктограммасы болуы мүмкін. Бумаларда таңбашалар, файлдар және басқа бумалар да болуы мүмкін. Бума бос болуы да мүмкін. Бумада аты бірдей объектілер болмауы керек. Буманың ішіндегісін қарап шығу үшін, тінтуірдің батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.
Бумалар екі түрлі болады:
— жүйелік бума — каталогтар;
— жұмыс бумалар (Менің компьютерім, принтерлер және т. б.)
Бумаларды құру оның құрылымы:
Бума элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал саймандар тақтасы, қалып күй жолы.
Терезеде жаңа бума құру:
Буманы Файл — Создать — Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа бума белгішесі болады. Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.
Жұмыс үстелінде жаңа бума құру:
Жұмыс үстелінің жаңа буманы орналастырмақшы болған жерінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу — контексті меню пайда болады.
Создать — Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады.
Буманың атын енгізіп, енгізу пернесін басамыз.
Таңбаша — нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. Олардың бума белгішесінен айырмашылығы – оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар. Таңбашаны жойғанда, оның көрсетіп тұрған файлы жойылмайды.
Таңбашалардың негізгі міндетті – объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай — ақ қатынауды қамтамасыз ету.
Таңбашаны қалай жасайды. Алып бару әдісі.
Бірінші жолы:
• Таңбашаны орындайтын объектісі бар қапшықты ашыңдар.
• Тінтуірдің нұсқағышын керек объектіге апарып, онда тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.
• Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау.
Екінші жолы:
• Таңдаған белгішеде тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.
• Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау. Windows таңбашаны объектінің өзі орналасқан қапшықта жасайды.
• Жаңа ғана жасалған таңбашаны қажетті орынға жылжыту

ІҮ. Білім алушылардың өзіндік жұмысы

Практикалық тапсырмалар орындау
А деңгейі
1. Кез келген файл үшін жарлық құрыңдар
2. Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды реттеп қойыңдар
3. Құрылған жарлықтардың аттарын ауыстырыңдар
4. Құрылған жарлықтардың белгішелерін ауыстырыңдар
5. Құрылған бір жарлықты Қоржынға апарыңдар
6. Жарлықтарды жойыңдар
В деңгейі
1. Бірінің ішіне бірі салынған 3 бума құрыңдар
2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар
3. Жұмыс үстеліндегі өзіңнің бумаларын үшін жарлық құрыңдар
4. Құрылған бумалардың ішіне басқа да файл салыңдар
5. Жасаған бумалардың бәрін жойыңыздар
6. Бір ғана бума жасап, оны өз фамилияңмен ата
С деңгейі
1. Жұмыс үстеліндегі өз бумаларыңыздың көшірмесін жасаңдар
2. Оның белгішесін ауыстырыңдар
3. Ол буманы жасырын етіңдер
4. Буманы Қоржынға апарыңдар
5. Қоржыннан қайта орнына орналастырыңдар

Компьютердің негізгі құрылғыларын ата, қызметтерін айт.

Белсене атсалысқан білімгерлерді бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма:

Г.Ә .Жапарова «Информатика негіздері» 42-45 бет

Оцените статью
Adblock
detector